Шу ауданындағы Балалар күні

Шу ауданындағы Балалар күні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше  1-маусым балалар күні  Шу аудандық Төлеби мешітінің ұйымдастырумен  медресе шәкіртерін және аз қамтылған отбасыларының балаларын орталық саябаққа қыдыртып ,әр түрлі ойындар ойнатып,тәтті тағамдармен ,сусындар таратылды. Балалар Төлеби ауылының көркемде,әсем жерлерін аралап естелік суретке түсті . Балаларды Һибатулла Тарази медресінен келген шәкірттер алып жүрді.Одан мешітке келіп аудан имамы Аят Дыбыс ұлы балаларға Алла алдындағы ,Пайғамбар алдындағы, Отан алдындағы, Ата-ана алдындағы,Ұстаздар алдындағы әр мұсылманның міндеттері туралы уағыз айтып ,балаларға дұға жасап батасын берді.

         Балаларды сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, махаббат нұрын жаудыру- әр ата-ананың,әр мұсылманның міндеті. Бұл тұрғыда ең бірінші үлгі тұтарымыз- Пайғамбарымыз с.ғ.с. Ол бірде балаларын еміреніп сүймейтінін айтқан бәдәуиге : « Алла тағала жүрегіңдегі мейірімді алып қойған болса ,мен не істейін енді?» -деп реніш білдірген. Себебі, мейірімділікпен өскен бала да мейірімді болады. Мейірімділік жүректі жібітіп,жұмсақтығын жоғалпауын қамтамасыз етсе, қатыгездік пен салқындық, керісінше, жүректі  қатайтады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: