Ұрпақ қамы ұлт қамы

Ұрпақ қамы ұлт қамы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1- маусым балаларды қорғау күні балалардың өмірлерін болатын түрлі оқыс жағдайлар электр жүйелердің тұйықталуынан келетін қатерден, жол жүруде кездесетін қиындықтардан, тағамдардан уланып қалудан   денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа  білім мен тәрбие беру  барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасының бір шешімі. Жаратушы Алланың қасиетті Құраны мен сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с)-ның хадисінде ұрпақты дұрыс тәрбиелеп, бағып-қағуды міндеттейді.  Болашақта  адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін  балаларға барлық жағдай жасау керектігі талап етіледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы бойынша, ҚМДБ- ға қарасты  аймақтағы барлық орталық мешіттің Бас имамдарына, 1- Маусым халқаралық балаларды қорғау күніне  орай, сәбилерге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін, түрліше мерекелік шаралар өткізу жүктелген болатын. Бас мүфти Ержан қажының тапсырмасы бойынша, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешіті ұжымы Тараз қаласындағы балабақшаға арнайы барып, сәбилерге мерекелік сауғалар тарту етті.

Сонымен қатар, арнайы көлік жалдап,  көп балалы тұрмысы төмен отбасыларды аралап  мерекелік сауға ретінде тұрмыстық тұтынатын бұйымдар мен қоса, сәбилерге  арналған тәтті- кәмпиттер салынған пакеттерді таратып берді. Бұл мерекелік шараны, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы, Жұмабаев Данияр қары өкілдікке қарасты қала- аудан имамдарына да тапсырған болатын. «Ұрпақ қамы, ұлт қамы» деген халқымыздың бақыты баянды, жұртымыз аман болсын. Бір арнада тоғысып, бір Аллаға сиынар заман болғай! 

 

Көгедай Шәмерхан

Hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: