1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерге құрмет көрсетіліп сый-сияпат жасалды.
Осы мерекенің аясында Мойынқұм аудандық мешітінің имамы З. Исаев және жеке кәсіпкер Н. Айбасов қайырымдылық шарасын үйымдастырып, Қ. Рысқұлбеков атындағы аудандық жастар саябағының алдында жас жеткіншектерге арнап 200 балмұздақ, 100 попкорм және тегін сусын таратты.
Бұл ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шараға ата-аналар ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
Мойынқұм ауданының имамы З. Исаев Жамбыл ауылындағы «Жексенбай ата» мешітінде лагерге және сауат ашу курсына жиналған оқушылармен кездесу жасады. Кездесуде түрлі сұрақтарға жауап беріліп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Сендердің жақсыларың құранды үйреніп оны басқаларға үйреткендерің» деген хадисін ұстанып, лагерге келген талапкерлерге уағыз, насихат айтып, білімдеріне табыс тіледі.
Т. Сарыбаев