Ауыл имам-молдалары бас қосты

Ауыл имам-молдалары бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда аудандық мешіттін бас имамы  З. Исаев аудандағы ауыл мешіттерінің имам-молдаларымен кездесіп, имандылық тақырыбында ой өргітті. Аталған жиынға Күшаман, Жамбыл, Кеңес, Құмөзек, Қылышбай, Хантау, Көкжелек, Бірлік ауылдарының имам-молдалары қатысты.

Жиында аудан имамы Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарәк» университетіне, «Һибатулла Тарази» медресіне шәкірт жіберу, Жамбыл ауылында болатын балалар лагеріне әр ауылдан екі бала шығару сыңды мәселелер тілге тиек етіп, алдағы уақытта діни тақырыпта үгіт насихат, теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық шаралар, сауат ашу және бір мезгіл уағыз айту сыңды төрт бағыт бойынша жұмыс атқару керектігін айтты.

Сонымен қатар 1 маусым балалар мерекесіне орай қайырымдылық іс-шарасын жүзеге асыру мақсатында баларға балғұздақ және сусындар тарату тағы басқа сауапты істер жасауды тапсырды.

Мойынқұм ауданындағы М. Жұмабаев орта мектебін 1994 жылы бітіріп шыққан 20 жылдық түлектері аудандық мешітке келіп, бір қой сойып, өздерінің араларынан марқұм болып кеткен қатарларына дұға қылып құран бағыштатты.

Сойылған қойдың етін әлеуметтік жағдайы төмен төрт отбасыларға таратылып берілді.

Т. Сарыбаев

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: