Қордай имамдарының кезектіс жиналысы

Қордай имамдарының кезектіс жиналысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әдеттегідей әрбір айдың соңында берекелі Қордай жерінің имам-молдалары кезекті жиналыста бас қосады. Мамыр айының жиналысы бүгін медресе ғимаратында өтті. Жиналысты аудан бас имамы Ә.Шалбай өткізді. Ә.Шалбай ҚМДБ тарапынан өткен аттестация қорытындысын айтып, белсенді түрде ат салысқан имам-молдаларға өз алғысын білдірді.

Жиналыста Рамазан айына дайындық барысы, жазғы сауат ашу курстарын ұйымдастыру т.б өзекті мәселелер талқыланып, шешу тетіктері қарастырылды. Масаншы ауылындағы «Имам Ағзам» мешітінің имамы Д.Щ.Хусарға өз қарамағындағы мешітте орын алған кейбір келеңсіз жағдайларға байланысты Ә.Шалбай қатаң түрде ескерту жасады.Жиналған имамдарға «дін мен діл» кітәбінің 2-ші томы таратылды. Ә.Шалбай сараптамадан өткен, Бас Мүфти Е.Малғажыұлының бұйрығымен жаңа тағайындалған имамдарға бұйрықтары салтанатты түрде тапсырылып, істеріне сәттілік тіледі. Жиналыс Жаратқанға дұғамен жасаумен аяқталды.


Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: