Қордайдағы өзгеше форматтағы уағыз-насихат

Қордайдағы өзгеше форматтағы уағыз-насихат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен аудан бойынша имам-молдалар мен жамағаттың басын біріктіріп Алланың құдіретімен өсімдікпен көмкерілген Қалғұты өзенінің бойына демалысқа шықты. Демалысқа имам-молдалар және жамағат өз жанұяларын қоса алып шықты.Өзге форматта дегеніміз имам-молдалар өз шапан, сәлделері мен тақияларын шешіп жамағатқа мешіт мінберінде емес табиғат аясында уағыз айтты.

Тараз қаласында өз білімін қуаттап келген Қордай ауданының бас имамы Ә.Шалбай  жиналған әріптестері мен жамағатқа әсерлі уағыз айтып, түрлі өзекті мәселелерге түсіндірме беріп, имамдар мен жамағаттың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Жиын тек уағыз-насихатпен шектелмей түрлі спорттық ойындармен жалғасты. Ойын мұсылмандық әдеп бойынша өтті. Жамағатпен имамдар бірлесіп ортақ ас дайындап қуырдақ даярлап, кәуәп пісірілді.Алла елшісі (с.ғ.с) айтқан бір хадисіне сай ортақ ас берекелі әрі дәмді болды.

Міне осындай беймарал іс шаралар арқылы бір-бірімізге шынайы бауыр болып, алауыздықтың алдын алуды көздеудеміз. Ардақты елші Мұхаммед с.ғ.с айтқандай «мұсылман-мұсылманға бауыр» деген хадисіне кішкентай болсада амал істелініп, үлкен жоспар іске асты.Алла ниеттерімізді қабыл еткей!

Дәуренбек Жандосұлы

Аудандық «Қордай» мешітінің

наиб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: