Табиғат аясындағы бір күн

Табиғат аясындағы бір күн

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешіті имамдарының ұйымдастыруында  «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттерінің  жылдық сабағының аяқталуына орай табиғат аясына серуенге шығып қайтты. Шәкірттер мен ұстаздар табиғат аясында еркін көсіліп, тауға шығып, доп тебу секілді  көңілді ойындар өткізді.

Табиғат серуеніне шыққан шәкірттерге Жуалы ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев өз тарапынан да көмек көрсетіп, көрікті Жуалы жерінің табиғатын таныстырды.  «Тараз Транс-моторс» автобус паркінің басшысы Желдікбаев Сейітжан мырза көмек ретінде бір автобусты бір күн пайдалануға бергеніне мешіт ұжымы мен шәкірттер атынан шексіз алғысымызды айтамыз. Табиғатқа серуендеудің маңызы туралы «Һибатулла Тарази» мешітінің іс басқарушысы Қожахметов Халит «Бұл тек серуен ғана емес,  жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі дүниежүзі халықтарының, ғалымдарының, педагогтерінің, саясат қайраткерлерінің назарын аударып отыр.  Қазіргі кезде жер шарында жаппай экологиялық апаттың таралуы және оның алдын алу мақсатында табиғатты қорғау жұмыстарын түбірімен жаңа негізде жетілдірудің қажеттігі экологиялық мәселенің өзектілігін көрсетеді» - деп түсіндірді.  

 

Көгедай Шәмерхан

Hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: