Өкіл имам тарауих намазында насихат айтты.

Өкіл имам тарауих намазында насихат айтты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (саллал-лаһу аләйһи уә сәлләм) бірнеше хадистерінде: «Кімде-кім Рамазан намазын (тарауихты) шын көңілмен сауабын Аллаһтан күтіп оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі». «Аллаһ рамазан айында ораза ұстауды парыз қылды. Мен сендерге рамазанның кештерінде намаз оқуды (тарауихты) сүннет қылдым. Кім Аллаһ Тағалаға шын көңілмен иман келтіріп, қарымын тек Аллаһтан ғана күтіп ораза ұстап, намаз оқыса (тарауихты) анасынан жаңа туғандай күналары кешіріледі», - деп мұсылмандарды тарауих намазын оқуға шақырған. Исі мұсылман баласының өтейтін парызының бірі, Рамазан айында ораза ұстау болса, жиналып жамағатпен намаз өтеу бауырмашылдыққа, ынтымаққа шақыру болмақ. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Жұмабаев Данияр қажы, оразаның бірінші күні тарауих намазында жиналған жамағатқа «Тарауих намазы - Ұлы Жаратушының өз рақымынан тарту еткен осы айға ғана тән ерекше құлшылық» екенін түсіндіре келе, тарауих намазын жүргізуге Алматыдағы қарилар медресесінен келген Ахметов Серікпен, «Һибатулла Тарази» мешіт, медресесінің ұстазы Мырзабеков Құттыбайды жамағатқа таныстырып, ораза қабыл болсын айтып құттықтады.

 

 

«Һибатулла-Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/eqT6u.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/bJys.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/2Rd5W.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/WcBDR.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/tgjsb.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/S8sMX.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/5mDEv.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/7ZzoM.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/mNaMo.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/UE5jX.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/TZ35A.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/1u984.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/h6Tf.jpg

 

http://gifok.net/images/2013/07/10/tJxwF.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: