Қасиетті қалалар Мекке мен Мединеге әлемнің түкпір-түкпірінен қажылардың басым көпшілігі келіп үлгерді.
Өткен аптада Медине қаласында қатты нөсер болып, көлік жүретін жолдарының басым бөлігін су басты.
Айта кету керек, мұндай құбылыс Медине үшін ерекше жағдай. Әдетте жазғы уақытта араб шөлді түбегінің аймағында аптап ыстық. Ал ауа температурасы 60 градусқа дейін көтеріледі.
Мұндай жауын-шашын алдын Меккеде де болған болатын.
«Сендерге дәндерді, өсімдіктерді және ағаштарды жайқалту үшін көктегі бұлттардан жаңбыр жаудырдық», - дейді Алла тағала «Нахыл» сүресінің 10-аятында.