19 жасар сириялық қыз ЮНИСЕФ елшісі атанды

19 жасар сириялық қыз ЮНИСЕФ елшісі атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сирияның 19 жастағы Музун Алмеллехан есімді қызы ЮНИСЕФ балалар қорының ең жас ерікті елшісі атанды. Сонымен қатар, осы қызметке тағайындалған әлемдегі алғашқы босқын, деп хабарлайды ұйым өкілдері. «Музунның батылдығы мен рухани күш-қуаты бізді таң қалдырады.

Біз оның ЮНИСЕФ-тің елшісі болғанын мақтан тұтамыз» деп мәлімдеді БҰҰ Балалар қоры атқарушы директорының орынбасары Джастин Форсит. Алмеллехан өз кезегінде БҰҰ-дағы жаңа жұмысына қарулы қақтығыс аймақтарында зардап шеккен балаларға көмек көрсету мүмкіндігі туғаны және өз қатарластарының білім алу мүмкіндігіне қол жеткізу үшін қуанышты екенін атап кетті.

2013 жылы Алмеллехан отбасымен бірге Сириядан Иорданияға бас сауғалап келіп, лагерде бірнеше жыл өмір сүреді. Осы жерде бойжеткен қыз балалардың білім алу құқығы үшін күрес жүргізе бастайды. БҰҰ Балалар қоры оның бастамаларына қолдау көрсетеді. Нәтижесінде, Музун Алмеллехан Ұлыбританияға шақырылып, жаңа қызметке тағайындалады.

Kazislam.kz 


Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері. Ал, қаланың өте жаман орындары – базарлары», – дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: