Ата, апа, әке, әже, ана, аға, іні, бауыр, әпке, сіңілі, қарындас және сол сияқты бұл тізбек ретімен кете береді. Бұлармен қатынасты үзбей, арадағы байланысты нығайту мұсылманның қасиетті борышы.
Бауыр - саған ең жаны ашитын, саған қорған болатын, қуанышыңда қуанып, мұңынды бөлісетін етбауыр жақының.
Сен өзіңді әлсіз сезінгенде арқа сүйейтін ағаң болған қандай жақсы... Ағалардың қамқорлығын бағалайық...
hibatulla.kz
Пайғамбар (с.ғ.с.): "– Анаңа, кейін әкеңе, содан әпке-қарындастарыңа, сосын аға-інілеріңе және олардан кейін тұратын ағайындарыңа (жақсылық жасау) уәжіп әрі туыстық қатынас".