Мәсжид ән-Нәбәуи (Пайғамбар мешіті) - Мединеде орналасқан, ислам елінің әл-Харам мешітінен кейінгі Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) жерленген, екінші қасиетті орны.
Осы жердегі алғашқы мешіт Мұхаммед пайғамбардың көзі тірісінде салынған болатын. Кейінгі ислам әміршілері бұл қасиетті жерді кеңейтіп безендірді. Жасыл күмбездің (пайғамбар күмбезі) астында Мұхаммедтің мазары орналасқан. Әбу Бәкір, Омар алғашқы екі мұсұлман халифтері де осы мешітте жерленген.
Осыдан бірнеше ай бұрын сол жасыл күмбез қызыл түсті көрсетті. Бұл құбылыс қажыларды таңқалдырды.
hibatulla.kz
Хазрет Омар (Оған Алланың сәлемі болсын) риуаят етеді: «Мешіттер Алланың жердегі үйлері, Алланы зиярат етушілер - намаз оқушылар. Қонақ күтуші меймандарға құрмет көрсетеді (мол әжр – сауап береді)».