Құран Кәрім көп жағдайда табиғатты пайдалануға ынталандырумен қатар адамзат баласын жер жүзінде бұзақылық істеуден тыяды. Табиғаттағы нығметтерді дұрыс қолданбау, оны игеруде шектен шығушылық немесе қоршаған ортаны ластау жер жүзіндегі бұзақылыққа жатады. Сондықтан адам табиғи нығметтерді парасаттылықпен игеруі керек.
Өйткені, табиғат пендеге бірқатар міндеттер жүктейді. Негізінде құлдың Алла алдында міндеті болғанындай адамдармен қарым-қатынаста да діни жауапкершілігі бар. Сол секілді өзін қоршаған табиғатқа да аса жауапты.
Жаратқанның алдындағы жауапкершілігі неғұрлым мықты кісі табиғаттың құқығын құрметтеуге, аялап баптауға көбірек талпыныс жасайды. Ондай адам өзгелерге зұлымдық етпейді, табиғатты бүлдіруді әрі оған кесірін тигізуді мақсат тұтпайды.
Айналадағы барлық нәрсе адамзатқа қызмет ету үшін жаратылған. Ол туралы қасиетті Құранда былай делінеді: «Олар көктер мен жер бетіндегі барлық нәрсені өз кеңшілігінен (сый ретінде) сендерге мойынсұндырды. Әлбетте, мұнда ойланатын қауым үшін ғибрат бар» . («Жасия» сүресі, 13-аят).
hibatulla.kz
"Қамар" сүресінің 49-аятында: إِنَّا كُلَّ شَيْءٍ خَلَقْنَاهُ بِقَدَرٍ
«Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық», - дейді.