Сауд Арабия королі Назарбаевқа Қасиетті қағбаның жамылғысын тарту етті

Сауд Арабия королі Назарбаевқа Қасиетті қағбаның жамылғысын тарту етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақордада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелдік 7 елші сенім горамоталарын тапсырды. Осы орайда Сауд Арабия елшісі Захир бен Мутиш әл-Анези Елбасыға Қасиетті қағбаның жамылғысын тарту етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мен үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу жоғары мәртебе. Сенім грамотасын тапсырғаным үшін өте қуаныштымын», - деді ол.

Сондай-ақ, президент Сауд Арабия королі жолдаған Қасиетті Қағбаның жамылғысын қуанышпен қабылдады.

Осы орайда елші Ақордаға Сауд Арабиясынан арнайы хат алып келгендігін алға тартты.

«Сауд Арабия королінің Қазақстанға ресми сапармен келуі жайында хатын жеткіздік. Осы сапар жақын арада орындалады деп үміттенеміз», - деді Захир бен Мутиш әл-Анези.


Құран Кәрімде: «Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық...[Бақара сүресі, 125-аят]»,

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: