Бүкіл сынып мектепке хиджабпен келген Аминадан үлгі алды.

Бүкіл сынып мектепке хиджабпен келген Аминадан үлгі алды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Америкалық оқушы Амина Браун мектепке хиджаб киіп бара бастағанда күнделікті сыныптастары мен мұғалімдерінің түсініксіз көзқарастарын байқап жүрді.

"Бұл өзгелердің орамалға туындаған қызығушылығы еді, - дейді Браун. - Мен бұл уақытта хиджаб киген жалғыз оқушы едім".

Содан кейін жас мұсылман қыз осы жағдайды өзгерту үшін және құрбылары мен мұғалімдерге хиджабтың мағынасын, оның маңыздылығын жеткізу жолдарын ойлай бастады.

Жұма күні мектеп әкімшілігінің рұқсатымен және мұғалімдердің көмегімен ол асханадағы үстелге түсті орамалдар мен шарфтарды апарып қойды. Сөйтіп, барлығын киіп көруге шақырды. Мектеп оқушысы мен мұғалімдер Амина ойлап тапқан шараға қатысып, өздерін шариғат шәлісін жамылған мұсылмандардың орнында сезінеді.

Мэдисон Барретт мен Меган Бойд есімді оқушылар Аминаның көмегімен орамал тағып, күні бойы осылай жүруді жөн көрді.

hibatulla.kz


лла тағала Құран Кәрiмде былай деп бұйырған: «Әй, адам баласы! Ұятты жерлерiңдi жабу үшiн киiм және сәндiк бұйым түсiр-дiк. Негiзiнде тақуалық киiмi жақсы» («Ағраф» сүресi, 26-аят).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: