Әрбір мұсылман Құран Кәрім Алланың сөзі екеніне күман келтірмейді.
الم * ذَلِكَ الْكِتَابُ لاَ رَيْبَ فِيهِ هُدًى لِّلْمُتَّقِينَ
«Әлиф Лам Мим. Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші» (Бақара, 1;2).
Алла Тағала Құран Жаратушының сөзі екеніне сенімсіздік білдіргендерге былай дейді.
وَإِن كُنتُمْ فِي رَيْبٍ مِّمَّا نَزَّلْنَا عَلَى عَبْدِنَا فَأْتُواْ بِسُورَةٍ مِّن مِّثْلِهِ وَادْعُواْ شُهَدَاءكُم مِّن دُونِ اللّهِ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
«Егер құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда сендер де соған ұқсаған бір сүре келтіріңдер, Алладан өзге көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер сөздерің рас болса» (Бақара, 23).
قُل لَّئِنِ اجْتَمَعَتِ الإِنسُ وَالْجِنُّ عَلَى أَن يَأْتُواْ بِمِثْلِ هَـذَا الْقُرْآنِ لاَ يَأْتُونَ بِمِثْلِهِ وَلَوْ كَانَ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ ظَهِيراً
«(Мұхаммед а.с.): «Егер адамдар, жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар, бір-біріне көмекші болса да келтіре алмайды»,-де» (Ісра, 88).
Араб елінде әдебиет өте қатты дамыған еді. Соғыс алаңында жан таласып күресіп жатқан жерлерінде де өлең шығаратын. Әдебиет осыншама дамыған халыққа Алла Тағала Елшісі арқылы Құранға ұқсас кітап жазып әкелулерін бұйырды. Бірақ бірде-бір адам 23 жылдың ішінде одан кейін де Құран аяттарына ұқсас бір сөз жаза алмады. Дегенмен, араб елінде әдебиеттің дамығанынан тілдегі ережелер дәлелденгенде, әдебиеттегі өлеңдер мысал етіп келтірілген.
Иманды екенін мойындаған адамның Құранды қаласа мойындап, қаламаса мойындамауына еркі болмайды, иманды адам Құран үкімдерінің барлығына мойынсұнуы керек.
وَمَا كَانَ لِمُؤْمِنٍ وَلَا مُؤْمِنَةٍ إِذَا قَضَى اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَمْراً أَن يَكُونَ لَهُمُ الْخِيَرَةُ مِنْ أَمْرِهِمْ وَمَن يَعْصِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ ضَلَّ ضَلَالاً مُّبِيناً
«Алла (Т.) және Елшісі қашан бір іске үкім берсе, мүмин ер және мүмин әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, сонда рас ашық адасқан болады» (Ахзаб, 36).
Мүмін ер немесе әйел үшін Алла Тағала бір үкімді әмір еткен болса, ол адамда таңдау еркі болуы мүмкін емес. Исламның әмірін орындау адамның көңіл-күйіне байланысты мәселе емес.
فَلاَ وَرَبِّكَ لاَ يُؤْمِنُونَ حَتَّىَ يُحَكِّمُوكَ فِيمَا شَجَرَ بَيْنَهُمْ ثُمَّ لاَ يَجِدُواْ فِي أَنفُسِهِمْ حَرَجاً مِّمَّا قَضَيْتَ وَيُسَلِّمُواْ تَسْلِيماً
« (Мұхаммед а.с.) Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, кейін берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмин бола алмайды» (Ниса, 65).
اتَّبِعُواْ مَا أُنزِلَ إِلَيْكُم مِّن رَّبِّكُمْ وَلاَ تَتَّبِعُواْ مِن دُونِهِ أَوْلِيَاء قَلِيلاً مَّا تَذَكَّرُونَ
«Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар!» (Ағраф, 3).
وَهَـذَا كِتَابٌ أَنزَلْنَاهُ مُبَارَكٌ فَاتَّبِعُوهُ وَاتَّقُواْ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
«Осы (Құран) Біз түсірген мүбарак Кітап. Енді соған еріңдер әрі сақсыныңдар. Мәрхаметке бөленерсіңдер» (Әнғам, 155).
وَهُوَ خَيْرُ الْحَاكِمِينَ «Ол, үкім берушілердің жақсысы» (Ағраф, 87).
Бұл аяттардың барлығы Құранның үкімдерін орындау үшін түскеніне дәлел болады. Ал, Құранға ерген адам ең тура, дұрыс, мейірімді жолда болады.
إِنَّ هَـذَا الْقُرْآنَ يِهْدِي لِلَّتِي هِيَ أَقْوَمُ
«Негізінде осы Құран ең тура жолға салады» (Ісра, 9).
Яғни, тура жолда жүруге ниеттенген адам Құранды ұстануға бар ықыласымен берілуі керек. Егер Құранды ұстанбаса, тұра жолды ешқашан таба алмайды.
Құраннан бет бұрған адамды Алла Тағала «қайырымсыз» деп атады.
بَلْ هُوَ آيَاتٌ بَيِّنَاتٌ فِي صُدُورِ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ وَمَا يَجْحَدُ بِآيَاتِنَا إِلَّا الظَّالِمُونَ
«Олай емес. Негізінде Құран, өздеріне ғылым берілгендердің көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді» (Анкабут, 49).
Алла Тағала Құранға ергендерді «ілім иелері» деп атады.
وَيَرَى الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ الَّذِي أُنزِلَ إِلَيْكَ مِن رَّبِّكَ هُوَ الْحَقَّ وَيَهْدِي إِلَى صِرَاطِ الْعَزِيزِ الْحَمِيدِ
«Өздеріне білім берілгендердің, саған Раббыңнан түсірілгеннің хақ екендігіне және мақтаулы, үстем Алланың жолына салатындығына көздері жетеді» (Сәбә, 6).
Ислам дінінің дұшпандары Құранның жіберілуіндегі негізгі мақсатты бұрмалап көрсету үшін «Құран Арабстандағы шөлде өмір сүретін араптардың тәрбиесін жөндеу үшін соларға түскен» деп сөз таратады.
Иман келтірген адамның түсінігінде Құран бір тайпаға ғана немесе бір халыққа ғана түспеген. Құран ұлтына, жеріне, еліне, заманына қарамай бүкіл жер бетіндегі адамзатқа келген.
تَبَارَكَ الَّذِي نَزَّلَ الْفُرْقَانَ عَلَى عَبْدِهِ لِيَكُونَ لِلْعَالَمِينَ نَذِيراً
«Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары» (Фұрқан, 1).
وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ
« (Мұхаммед а.с.) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік» (Әнбия, 107).
يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنِّي رَسُولُ اللّهِ إِلَيْكُمْ جَمِيعاً
« (Мұхаммед а.с.) Әй адам баласы! Мен барлығыңа Алланың елшісімін;» (Ағраф, 158).
Алла Тағала Құранға ерген адамға бақыт уәде етсе, Құраннан бет бұрған адамға азапты уәде еткен.
فَمَنِ اتَّبَعَ هُدَايَ فَلَا يَضِلُّ وَلَا يَشْقَى
«Кім тура жолыма ілессе, сонда ол адаспайды да машақат тартпайды» (Таһа, 123).
فَمَن تَبِعَ هُدَايَ فَلاَ خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلاَ هُمْ يَحْزَنُونَ
«Кім сонда тура жолыма ерсе, оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды» (Бақара, 38).
وَمَنْ أَعْرَضَ عَن ذِكْرِي فَإِنَّ لَهُ مَعِيشَةً ضَنكاً وَنَحْشُرُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَعْمَى* قَالَ رَبِّ لِمَ حَشَرْتَنِي أَعْمَى وَقَدْ كُنتُ بَصِيراً *قَالَ كَذَلِكَ أَتَتْكَ آيَاتُنَا فَنَسِيتَهَا وَكَذَلِكَ الْيَوْمَ تُنسَى
«Ал кім үгітімнен бет бұрса, сонда күдіксіз оған бір тар тұрмыс болады. Сондай-ақ оны соқыр түрде жинаймыз. «Раббым, мені неге соқыр етіп тірілттің? Расында мен көретін едім»,-дейді. (Алла): «Міне осылай. Өйткені саған аяттарымыз келген еді. Сонда сен оны ұмытқан едің. Сол сияқты бүгін сен де ұмытыларсың»,-дейді» (Таһа, 124, 125, 126).
Алла Тағала Құраннан бет бұрған кісіден бет бұруды бұйырады.
فَأَعْرِضْ عَن مَّن تَوَلَّى عَن ذِكْرِنَا وَلَمْ يُرِدْ إِلَّا الْحَيَاةَ الدُّنْيَا*ذَلِكَ مَبْلَغُهُم مِّنَ الْعِلْمِ
« (Мұхаммед а.с.) үгітімізден жалтарып, дүние тіршілігін ғана қалаған кісіден бет бұр. Міне олардың білімі осыған-ақ жетеді» (Нәжім, 29, 30).
Өкінішке орай адамдардың көпшілігі осы дүниені ғана ойлайды да, адамның не үшін жаратылғанына бастарын қатырғылары келмейді.
Алла Тағала Құранның үкімін өзгерткен адаммен келіспеңдер, деп әмір берген. Әрине діннің қас дұшпандары Алланың әмірін өз қалауларынша өзгертуді қалайды. Олар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына келіп, дінді өздерінің пайдасына қарай өзгертуге тырысып бақты. Бірақ, әрекеттерінен түк те шықпағаннан соң Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп: «Сіз біздің пұттарымызға құлшылық жасаңыз, біз де сіздің мешіттеріңізде ғибадат жасаймыз»,-деді. Оларға жауап ретінде Алла «Кафирун» сүресін түсірді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабалардың имандары күшті болғандықтан шайтан олардан үмітін үзгенін, бірақ қарғысқа ұшыраған шайтан олардың ғибадаттарының кемшілікпен жарым-жартылай орындалуын қалайтынын ескертті.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сіздерге шайтан басшы болудан үмітін үзді, бірақ сіздер мән бермейтін кейбір амалдарда ол өз үстемдігін жүргізуден бас тартқан жоқ. Абай болыңыздар, мен сіздерге қалдырған Алланың Кітабы және сүннетімнен мықтап ұстансаңыздар, ешқашан адаспайсыздар».
Адам баласы көбінесе айналасындағылардың қателіктеріне еліктеп, күнә істеп қояды. Көпшілікке еру ешқашан ақиқатқа жетелемейді. Керісінше, өткен пайғамбарлардың ізінен ерушілердің сандары өте аз болған, қиямет күні үмбетсіз өткен пайғамбарлар жалғыз келеді екен. Пайғамбарлар Алланың дінін алып келгеннен соң бар өмірлерін осы жолға арнаса да, өздеріне міндеттелген міндетті адамдардың қалауына қарай өзгерпеді. Нұх (а.с.) 950 жыл өмір сүрген болса да , оған ергендердің саны өте аз болған, кейбір деректерде тіпті 12 адам деп келеді.
وَإِن تُطِعْ أَكْثَرَ مَن فِي الأَرْضِ يُضِلُّوكَ عَن سَبِيلِ اللّهِ
«Егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне көнсең сені Алланың жолынан адастырады» (Анғам, 116).
Көпшіліктің артынан ойланбастан еріп, қате жолға түсіп қалудан сақ болу керек.
Алла Тағала өткен үмбеттер киелі кітаптарын өз қалауынша өзгерткендері үшін бақытсыздыққа қалай ұшырағандықтары жайлы айтып өткен.
Таурат пен Інжілді ұстанғандар, кітаптардағы үкімдерді өз қалауларына сай қолданды. Бай, атақты адамдар ұрлық жасаса, оған жаза қолданбай кешіріммен қарап, жазаға тек қана кедейлерді тартып отырды. Ислам дінінің үкімдерін Пайғамбарымыз (с.а.у.) ешқандай өзгеріссіз орындағанын, басқалардан да соны талап еткендігі турасында тарихта мысалдар көптеп кездеседі.
Ең құрметі деген тайпалардан бірі Маһзумия тайпасынан бір әйел ұрлық істеп қолға түсті. Маһзумиялықтар әйелдің қолын кеспеу үшін Пайғамбарымыз (с.а.у.) жақсы көретін Усама ибн Зайдты араға салды. Усама ибн Зайд Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына өтінішпен келгенде, Пайғамбарымыз (с.а.у.) қатты ашуланып: «Усама, сен менен Алла белгілеген шектен шығуды сұрау үшін келдің бе? Алланың атымен ант етемін, егер менің қызым Фатима ұрлық жасаса, оның да қолын кесер едім», - деген.
Исламнан бұрын өткен үмбеттердің ешқайсысында да Құрандай құнды кітап болған емес. Дегенмен, олардың өз кітаптарына жасаған қиянаты қазіргі мұсылмандардың Құранға жасаған қиянаттарынан асып түспейді.
«Сіздерге екі тұтқа қалдырдым. Олардан мықтап ұстасаңыздар, тура жолдан таймайсыздар. Бұл Алланың Кітабы және Пайғамбардың сүннеті».
Дін дұшпандары қарапайым халықты жолдан тайдыру үшін көптеген айла қолданды. Халықтың арасында «Құран – Алланың сөзі, оған біздің ақылымыз жетпейді, Мұхаммед (с.а.у.) Аллаға өте жақын кісі, оның сөздерін білуге, әмірін орындауға біздің шамамыз жетпейді» деген сөз таратып, Құран мен сүннеттен алыстатуға тырысты.
وَلَقَدْ يَسَّرْنَا الْقُرْآنَ لِلذِّكْرِ فَهَلْ مِن مُّدَّكِرٍ
«Расында Құранды насихат үшін қолайлы қылдық. Ал сонда түсінуші бар ма?» (Қамар, 17).
Құран мен хадистен мықтап ұстану дегенді - бұл кітаптардың түр-түрінен жинау, үйдің төріне іліп қою немесе ақ матаға ораумен шатастыруға болмайды. Құран мен хадисті ұстану дегеніміз - бұл кітаптарды оқып үйрену, өмірге енгізу, оларды басқа жолдан абзал деп білу. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) талап еткен соңғы өсиеттерінің бірі осы болып табылады.
Алланың әмірін орындау адамның өзіне пайдалы екені туралы Құран аяттарында көп айтылған.
Пайғамбарымызға (с.а.у.) берілген үлкен нығметтердің бірі, сахабалардың ол кісіні өздерінен де артық жақсы көрулері болды. Сол жайлы Құранда:
وَلَوْ أَنَّا كَتَبْنَا عَلَيْهِمْ أَنِ اقْتُلُواْ أَنفُسَكُمْ أَوِ اخْرُجُواْ مِن دِيَارِكُم مَّا فَعَلُوهُ إِلاَّ قَلِيلٌ مِّنْهُمْ وَلَوْ أَنَّهُمْ فَعَلُواْ مَا يُوعَظُونَ بِهِ لَكَانَ خَيْراً لَّهُمْ وَأَشَدَّ تَثْبِيتاً
«Ал оларға: «Өздеріңді өлтіріңдер (соғысыңдар), немесе жұрттарыңнан шығыңдар!»,-деп әмір еткен болсақ, олардан өте азы ғана орындайды. Олар өздеріне үгіттелген нәрсені атқарса еді, әрине олар үшін хайырлы болып, имандары нығайып бекір еді» (Ниса, 66),- делінген.
Сахабалар бұл аятты естігендерінде: «Егер Пайғамбарымыз бізге өздеріңді өлтіріңдер деп әмір бергенінде, біз оның бұйрығын сөзсіз орындайтын едік», деп жауап қайтарған.
وَلَوْ أَنَّهُمْ أَقَامُواْ التَّوْرَاةَ وَالإِنجِيلَ وَمَا أُنزِلَ إِلَيهِم مِّن رَّبِّهِمْ لأكَلُواْ مِن فَوْقِهِمْ وَمِن تَحْتِ أَرْجُلِهِم مِّنْهُمْ أُمَّةٌ مُّقْتَصِدَةٌ وَكَثِيرٌ مِّنْهُمْ سَاء مَا يَعْمَلُونَ
«Егер олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарапынан өздеріне түсірілгенді толық орындаса еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан (ағаштардың жемістерінен) әрі аяқтарының астынан (жердің өсімдіктерінен) жейтін еді. Олардың бір орташа тобы бар. Дегенмен олардың көбінің істеген істері жаман еді» (Мәида, 66).
مَنْ عَمِلَ صَالِحاً مِّن ذَكَرٍ أَوْ أُنثَى وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَلَنُحْيِيَنَّهُ حَيَاةً طَيِّبَةً وَلَنَجْزِيَنَّهُمْ أَجْرَهُم بِأَحْسَنِ مَا كَانُواْ يَعْمَلُونَ
«Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз» (Нахл, 97).
Құранға амал қылмай, тек қана әсем дауыспен әндетіп оқумен шектеліп қалған адамның жағдайын жақсырақ түсіну үшін төмендегі мысалға назар салып көрелік:
Әке ұлына алыс жерден хат жазды. Хатта ұлына мына жұмыстарды орындап қой, мыналарға тиіспе, ал мыналардан сақ бол, көп кешікпей кездесеміз, дейді. Сонымен қатар айтқандарымды бұлжытпай орындасаң байлыққа кенелесің, ал орындамаған жағдайда жазаға тартыласың, деп ескерту жасаған. Әкесі айтқан күн келіп жетеді. Әкесі ұлынан айтқандарымды орындадың ба? - деп сұрағанда, ұлы хатта жазылғандарды мәнерлеп айтып берді. Бұл іске әкесі баласының басын сипай ма, әлде ренжігенін білдіреді ме?
Құранды оқығанымен оған амал етпейтін адам туралы айтылғанда, Тәураттың сөзін алып мағынасына көңіл аудармаған адамның жағдайы айқын мысал бола алады.
مَثَلُ الَّذِينَ حُمِّلُوا التَّوْرَاةَ ثُمَّ لَمْ يَحْمِلُوهَا كَمَثَلِ الْحِمَارِ يَحْمِلُ أَسْفَاراً
«Өздеріне Тәурат жүктеліп кейін оны игере алмағандардың мысалы – кітаптарды артқан есек тәрізді» (Жұма, 5).
Үстіне ауыр кітаптар артылған есек баратын жеріне жеткенше қаншама қиналса да, сол кітаптардың құндылығын ешқашан ұқпайды. Бір адам осы мысалды ойынан шығарып айтса, басқалар оны осы ауыр мысалы үшін соққыға жыққан болатын еді. Амал қанша, бұл мысалды Алла Тағала келтірді, ал Алламен ешкім дауласа алмайды.
Мұсылмандардың басым көпшілігі Құранның мағынасын, мақсаты мен міндетін білмеуіне көптеген құбылыстар өз әсерін тигізді. Атап айтар болсақ, алдымен 70 жыл өкім сүрген қоғамның «дін – апиын» деген теріс пікірінен әсерленген халық, өздерін мәдениетті етіп көрсету үшін дінді мазаққа айналдырып, ғибадат жасап жатқан адамды келеке етті. Бір өкініштісі, кеңес одағының «адам маймылдан жаралған» деген ғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын ұғымы әлі күнге дейін мектеп қабырғасында оқытылып келеді.
Дін дұшпандары Құран Алланың сөзі, Ислам Жаратушының діні екенін білгендіктері үшін көрінбейтін қаруларын астыртын қолданып, әртүрлі арам пиғылдарын іске асырып күресіп отырды. Дін, Алланың жіберген заңдылығы болғандықтан оны түп-тамырымен жоя алмады.
Тарихқа қарайтын болсақ, Ислам бейбіт жолмен таралған аймақтар саны, жаулап алған аймақтар санынан басым. Бұл да Ислам Алла тарапынан жіберілгеніне бірден-бір дәлел.
Дамыған елдердің басым көпшілігі материалдық жағынан дамып, рухани тарапынан құлдырап бара жатқаны жаңалық емес. Құстың өмір сүруі, ұшуы, көбеюі үшін екі қанатының да маңызы зор. Адам немесе қоғамның дамуы үшін де рухани, әрі материалдық дамуы бірдей болуын қажет етеді. Бір бағыттағы дамумен шектелген қоғамды бір қанаты шіріп бара жатқан құсқа ұқсатуға болады. Ауру құс ұшқан күннің өзінде құлайды. Ал рухани дүниенің ең жақсы тәрбиешісі әрине – Құран.