Меккедегі қасиетті мешітте Қағбаны өртемек болған бұзақы ұсталды. Оқиға орнында түсірілген кадрларда қажылардың арасынан сұйықтық құйылған бөтелкесін ұстап келе жатқан адам анық көрінеді.
Қасиетті мешіттің Қауіпсіздік күштерінің басшысы Самеха әл-Силми 40 жастағы кісі ұсталды деп мәлімдеді.
Қағбаны жандыруға тырысқан ол өз киіміне бензин құйып та үлгерген. Әл-Силмидің айтуынша, шабуылшы психикалық бұзылудан зардап шегуі мүмкін.
hibatulla.kz
«Тәубе» сүресінің 18-ші аятында: «Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі жасайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуларына үміт етіледі».


16 Қаңтар 2026
27 Раджаб 1447

