Дубай королі әулетінің қызы Моза Мақтұм Біріккен араб әмірлігі коммерциялық әуе компаниясының кәсіби ұшқышы атанды.
Бұл туралы әмірліктің экс премьер-министрі Мохаммед ибн Рашид әл-Мақтұмның қызы шейха Латифа мәлімдеді, деп жазады Depo.ua.
Ол өзінің әлеуметтік желі парақшасына Моза Мақтұмның суретін жариялап астына: «Менің cіңілім Моза біздің отбасымыздағы бірінші әйел-ұшқыш атанды. Ол өзінің алғашқы ұшу сапарын екінші санаттағы ұшқыш ретінде атқарып шықты. Сенімен қуанамын. Әуе сапары – алғашқы жетістік емес. Егер армандасаң, мақсат етсең – сен оған жетесің» деген жазба қалдырған.
Дубай ханшайымының қандай әуе компаниясы ұшағын басқарғаны туралы хабарланбады. Қолданушылардың көпшілігі қызметтік форманың Emirates ұшқыштарына тән екенін жазған.
Алла тағала Құран кәрімде: «Шын мәнінде мүміндер бауыр». «Хужурат» сүресі, 10-аят