
Бұрын-соңды болмаған суық қазірдің өзінде Еуропада жиырмаға жуық адамды өліміге ұшыратты. Стамбулда соңғы бірнеше күн ішінде температура -15 градусқа дейін төмендеді.

Мұндай жағдайларда баспанасыз, көше кезген жануарлар жылу таба алмай қатып өлім құшуда. Стамбулда, сондай-ақ басқа да бірнеше түрік қалаларында қаңғыбас иттердің жағдайы өткір мәселе болып отыр.

Жергілікті еріктілер қала көшелері мен саябақтарда жүретін төрт аяқты тұрғындарға көмектесіп, көрпе мен төсек жапқыш жауып, оларды орап жылытуда.

Иттер жиі жылы көрінетін сауда орталықтарының жарық терезесінің жанында жиналады.

Аталған науқанға сауда орталығына келген сатып алушылар да ат салысып, үйінен жылы көрпелерін алып қайта келуде.
hibatulla.kz
Пайғамбарымыздың қасындағы сахабалардың бірі:
– Уа, Алланың елшісі! Жануарларға да жасаған жақсылықтарымыз үшін сауап беріле ме? – деп сұраған кезде, Пайғамбарымыз (с.а.с.):
– Иә, әрбір жануарға жұмсақтық жасағаның үшін сауап бар, – деген . (Бухари, Ширб, 9; Муслим, Сәләм, 153, (2244))


16 Қаңтар 2026
27 Раджаб 1447

