
1. Хира үңгірі Меккенің жоғарғы жағында, әл-Харам мешітінің солтүстік шығысында орналасқан. Мина жазығы жолының сол жақ бетінде. Мекке мен Хира үңгірі арасын 4,8 км. 634м биіктікте орналасқан.
Мекке халқы бұл үңгір орналасқан тауды Нұр тауы деп атайды. Үңгірдің кірер ауызы солтүстікке қараған. Ішіне тоғыз адам емін-еркін отыра алады. Ішінің биіктігі орта бойлы кісі тік тұра алатындай шамада.
2. Ғар Сәуір – Сәуір үңгірі. Алланың ақиқат жолын уағыздап жүрген Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) пұтқа табынатын меккеліктер қуғынға ұшырата бастайды. 622 жылы өміріне қауіп төнген Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) Ислам дінін алғашқы болып қабылдаған Әбу Бәкірмен бірге түн жамылып, Меккеден жасырынып шығады. Бір құдайға сыйынатын тұрғындары бар Ясрибке (Мәдинаға) бет алған екеуінің соңына қуғыншылар түседі. Сонда Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) мен Әбу Бәкір Меккенің төменгі жағындағы (оңтүстігіндегі) осы үңгірге барып жасырынады. Алла тағаланың әмірімен үңгірдің аузында өрмекшінің өрмегін көрген қуғыншылар, оларды таба алмай, кері қайтады.
3. Ухуд тауы Мәдина қаласының солтүстігіне қарай 5 км жерде орналасқан. Бұл тау шығыстан батысқа қарай созылып жатқан таулар тізбегін құрайды. Тау тізбегінің ұзындығы шамамен 7 км, еңі 3 км-ден тұрады. Бұл жерде мұсылмандар мүшріктермен шайқасқан.
hibatulla.kz
«Хыжыр» сүресінің 85-86 аяттары:
" و ما خلقنا السّموات والارض و ما بينهما الا بالحقّ و انّ السّاعة لاتية فاصفح الصفح الجميل "
، " انّ ربّک هو الخلاق العليم "
Көктер мен жерді әрі екеуінің арасындағы нәрселерді бір шындық бойынша жараттық. Сөзсіз қиямет келеді. Сондықтан көркем, жұмсақ сыңай байқат (85). Шынында Раббың, Ол толық жаратушы, аса білуші. (86)


16 Қаңтар 2026
27 Раджаб 1447

