Мұсылманның мәрттігі мәскеуліктерді қайран қалдырды

Мұсылманның мәрттігі мәскеуліктерді қайран қалдырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Фудсити» азық-түлік базасында жұмыс істейтін өзбекстандық азамат өзінің іс-әрекеті арқылы әлеуметтік желілерді қайран қалдырды.

Ирина Фесенко есімді Мәскеу тұрғыны басынан өткен жағдайды әлеуметтік желідегі өз парақшасында жариялады. Ирина жаңажылдық мерекеге орай балалар үйіне (жазылмайтын науқас пациенттерге және олардың туыстарына стационар деңгейінде паллиативтік көмек (медициналық, психологиялық әлеуметтік және рухани) көрсететін медициналық (медициналық-әлеуметтік) ұйым.) абхаздық мандарин алмақ оймен базар жағалайды. Алайда, ол осы базардан жәшік-жәшік жемістермен қайтамын деп тіптен ойламаса керек.

«Бүгінгі оқиғалар санама сыяр емес. Үйге жеткенше, осы көргендерімді жақындарыма айтқанша асықпын. Жаңа жылға санаулы ғана күн қалды. Мәскеудегі балалар үйінде өтетін мерекелік шараға мандарин алынбаған еді. Оларды осындай тәттілермен қуантсақ дегенбіз. Абзах мандаринін іздедім. Міне, түрік, сербі мандариндері, міне, абхаз мандарині. Алайда, ол нағыз абхаздық емес, дәмінен біліп тұрмын. Сосын сербі мандаринінен (ол да тәтті) үш жәшік алдым. Шыға беріске келгенде өзбек қауынын көзім шалды. Нағыз мерекелік дастарханға лайық. Сол жерде сатушы жігіт мандаринді өте көп алған жоқсыз ба деп қуақыланып сұрады. Мен оның жаңа жыл кешіне, балалар үйіне алып жатқанымды айттым. Орыс тіліне жетік емес жігіттің өңі өзгеріп сала берді. Жүзіндегі әзіл белгісі сап тыйылып, үлкен жәшікке құрма толтырды да, мынаны балаларға менің атымнан бер, деді» деп жазады Ирина.

Күтпеген ұсынысқа таң қалған Ирина алғашында мұншалықты көп сыйдан бас тартады. Алайда, сатушы жігіт алуын өтініпті. Бұл сыйға қалай алғыс білдіремін деген Иринаға ол: «Алла Омарға сый жасасын» деп тілеңіз дегенді ғана айтыпты.

«Ойым астаң-кестең... Алсам ба, алмасам ба... Қалайша бұл... Ақшасын төлемей... Танымайтын, білмейтін, бұрын-соңды көрмеген адамға осылай бере салады ма... Осы кезде жігіт балалардың ата-анасы жайында сұрады. Мен олардың аналары бар екенін, алайда бұл балалардың көпшілігі айықпайтын дертпен ауыратынын, сол себепті осы Балалар үйінде екенін түсіндіруге тырыстым. Біз осы мерекеде оларға қуаныш сыйлағымыз келетінін айттым. Ал Омар мұнан кейін тағы бір жәшік алды да, өте әдемі өзбек қызанақтарын толтырып салып, арбамен алып келді. Міне, тағы балаларға... Жо-жоқ, алмаймын, бұл қалайша... Оларға болмайтын шығар (ақталған түрім. Әйтпесе, бұл жігітке қалай разы екенімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын). Ал ол болса: Болады, әрине, жеуге болады оларға. Тек Алла разы болсын десеңіз жетеді... Омармен кездескендегі оқиғалар осындай» деп ойын түйіндеді Ирина Фесенко.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: