Татарстанның Чистополь қаласында екіқабатты қалалық әмбебап дүкені өртеніп кетті. Салдарынан, көрмеге әкелінген үй жануарлары мерт болды. Алапат өрт 3 мың шаршы метрді қамтыған.
Өрт сөндірушілер өз қызметтерін аяқтағаннан кейін ғимаратты жалға алушы кәсіпкерлер мен сауда орны қызметкерері әлеуметтік желілерге қызыл жалыннан күлге айналғаннан үйінді арасында қалған Құран кітабын жарыса жариялады.
Суретте ешбір от зақымы тимеген Құран кітабы анық көрінеді (Татар тіліндегі Нұғман тәпсірі). Бұл Құран Кәрім осы ғимараттағы зергерлік бұйым бөлімінен табылған, деп жазады «Казан фест».


ummet.kz
Әбу һурайра (оған Алланың разылығы болсын) жеткізген хадис шәріпте Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Рамазан оразасынан кейін оразаның абзалы – Алла Тағаланың Мухаррам айының оразасы. Парыз намазынан кейін ең абзал намаз—түнгі (тәһәжжуд) намаз» (Имам Муслим және Имам Тирмизи), – деп өсиет еткен.


16 Қаңтар 2026
27 Раджаб 1447

