Ақтөбе іс-шарасы: Қоғамның бірлігіне жік салуға жол жоқ

Ақтөбе іс-шарасы: Қоғамның бірлігіне жік салуға жол жоқ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақтөбе облысында еліміздегі ең білікті мамандардың қатысуымен дін мәселелері бойынша әртүрлі бағытта іс-шаралар өткізілуде.

Солардың ішінде «Әйелдер аудиториясымен жұмыс жүргізу» тобына Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы жетекшілік етіп, Талшын Қожахметова, Қарлығаш Талқанбаева, Ақбөпе Тілегенова, Зейнеп Үсенова сынды білікті дінтанушы мамандар ұйымдастырған кездесулер мен түрлі іс-шаралар жүргізілді.

Дін мамандары облыс орталығындағы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығында терроризм бабы бойынша жазасын өтеп жатқан азаматтардың әйелдерімен және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студент қыз балаларымен жекелеген түсіндіру жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында теріс діни ағым идеологиясынан сақтану жолдары мен оңалту бағытында әңгіме өрбіді. Сонымен қатар адамдарды қоғамнан бөліп, бірлігіне жік салуға болмайтындығы жөнінде мәселелер айтылды.

Еске сала кетейік, өңірде өткізіліп жатқан іс-шаралар бір ай бойы жалғасатын болады.

e-islam

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: