Келесі жылы үздік шахматшыларға мұсылманша орамал тағуға тура келеді. Өйткені, 2017 жылы Бүкіләлемдік шахмат чемпионаты дініне мән берместен әйел затына хиджап міндетті болып саналатын Иранда өтпек.
Қазірдің өзінде Дүниежүзілік шахмат қауымдастығының комиссиясы сайтында шахматтан сайысқа баратын қыздарға турнир талптары жазылған. Оның қатарында жарыс өтуші елдің мәдени дәстүрлерін құрметтеуге үндеу пайда болды.
Бұл жаңалықты барлық спортшылар қуанышпен және таңданыспен қабылдады. Дегенмен арасында наразылық білдіргендер де баршылық. Мәселен, АҚШ-тың шахмат чемпионы Нази Паикидзе әйелдер үшін маңызды сайыстың онда өткенін қолайсыз деп санайды.
hibatulla.kz