

FM тобының бұрынғы мүшесі Эльвира Куспанова мұсылман әйелдерге арналған жеке киім топтамасын шығарды. Енді бұл сұлуды танымай қалдық... Ашық-шашық киімдердің орнына - қатаң түрде хиджап, ал түнгі клубтардың орнына - шариғат шарттарына сай өмір.
– Мен жақсы жігітті кездестіріп, исламға келдім және мансап жолымды тастадым, - дейді Эльвира. – Шариғатқа сай өмір сүріп, өз-өзімді тапқанымды түсіндім. Сонымен қатар мен мұсылмандардың әдемі де сәнді киінгенін қалап, киім дизайнері болу туралы ой келді.
Эльвира Куспанова біздің елде тұңғыш рет өткен мұсылман сән әлемі фестивалінде өз топтамасын ұсынды. Мұнда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызтаннан Алматы қаласына 50-ден астам ислам дизайнерлері келді. Маусымға сай абая, хиджап, орамалдар мен халал бояулар көрсетілді.
Фото ©ЭК/Андрея ХАЛИНА
hibatulla.kz