Сингупарде SGSecure жаңа мобилді қосымшасы шықты. Бағдарлама құқыққорғау органы қызметкерлерінің халыққа төтенше жағдайлар немесе террористік шабуылға байланысты қауіп-қатерлер туралы жылдам ақпарат таратуына мүмкіндік береді.
Қосымша террористік қауіп кезінде қоғамды қорғауға бағытталған ұлттық бағдарлама аясында әзірленген.
«SGSecure терроризмге қарсы ақпараттар алу мен Сингапурдегі ірі төтенше уақиғалар жағдайында дабыл қабылдауға үлкен мүмкіндік береді» деп мәлімдеді Сингапур Ішкі істер министрлігі.
Сонымен қатар, қосымшаны қолданушылар қоғам қауіпсіздігі үшін маңызды мәліметтерді құзыретті органдарға жедел жөнелте алады. Қосымша арқылы қауіп туған жағдайда полицияны шақыруға да болады. Сонымен қатар, мобильді құрылғы қолданушысының мекенжайын да анықтау мүмкіндігіне ие.
«Ешбір ел терроризм қаупінен қорғалмаған. Сингапур де осы қатарда. SGSecure ұлттық мобильді қосымшасы сингапурліктерге террористік актілердің алдын алуға көмектеседі» делінген министрлік мәлімдемесінде.