Жаратушы Иеміз Өзінің нығметтеріне, ырзық-несібесіне қанағат етіп жүретін шүкіршіл құлдарын жақсы көреді. Өйткені Жаратқанның берген ырзығына шүкірлік ету иманның ажырамас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, Алла Тағала Өзіне күпірлік қылмауға, шүкірлік етуге бұйырған.
«Алла ештеңе білмейтін кездеріңде сендерді аналарыңның құрсақтарынан шығарып, сендерге құлақ, көз, жүрек берді. Бәлкім, шүкір етерсіңдер» («Нахыл» сүресі, 78-аят). Бұл аят арқылы өмірімізден бастап, дене мүшеміздің барлығы Алланың нығметі екенін ұғамыз. Алайда, адамзаттың бәрі бірдей Жаратушының нығметтеріне, жер бетінде берген мүмкіншіліктеріне шүкіршіл емес. Келеңсіздікке тап болса, ол сол шүкірсіздіктің кесірінен екені сөзсіз.
hibatulla.kz


15 Қаңтар 2026
26 Раджаб 1447

