Таиландта тұңғыш халал қонақ үй іске қосылды. Оның ашылуының негізгі мақсаты - мұсылман туристерді қызықтыру.
Айта кетейік, өткен жылы 30 млн шетелдік туристер Тайландқа барған, оның ішінде тек 658 мың адамы ғана мұсылмандар елдерінен келгендер болатын.
Бұл Бангкокте ашылған Al Meroz төрт жұлдызды халал қонақ үйінің басшылығы мұсылмандарға арналған қызметтерді ұсыну арқылы туристер санын ұлғайта аламыз деп үміттенеді. Қонақ үй мұсылмандар талғамына сай шығыс сәулетімен ерекшеленеді және онда екі намаз бөлмелері мен үш халал мейрамхана бар», - дейді қонақ үйдің бас менеджері. Мұнда бір түн қону үшін $ 116-нан $ 1445 дейін қаражат керек.
hibatulla.kz






15 Қаңтар 2026
26 Раджаб 1447

