Бүгінгі тіршілік қуған қым-қуыт заманда қандай құндылықтарымыз тасада қалып кетіп жатыр десеңізші. Соның бірі бауыр еті баламызға деген қаншалықты көңіл бөліп жүргендігіміз. Мамандардың айтуынша, балада дұрыс тәрбие қалыптасуы үшін әсіресе бес жасқа дейін көңіл бөлудің орны ерекше. Күні бойғы жұмыстан шаршауды бір шетке ысырып, балаға уақыт бөле білу керек-ақ. Бұл бөлінген уақыт балаға кейінгі өмірінде көп пайдасын тигізетін болады.
Балаңыз сізге қаншалықты жақын болса, нашар әдеттерден де соншалықты алыс болады. Сізбен бірге жүріп өзін қаншалықты қуанышты сезінсе, басқа кездерде де соншалықты қуанышты болады. Сізбен және отбасымен байланысы қаншалықты мықты болса, өмір бойғы проблемалары да соншалықты аз болады. Дәл қазір егілген дән ертең жақсы жеміс беретін болады. Ендеше, ертең жақсы болсын десек, бүгін соның әрекетін жасайық.
hibatulla.kz


15 Қаңтар 2026
26 Раджаб 1447

