250 үнді отбасы исламды қабылдауға әзір

250 үнді отбасы исламды қабылдауға әзір

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үндістанда жүздеген отбасы діндерді зерттей келе исламға табан тіреген.

Пажангкаалимеду мен Нагапалли ауылындағы 250 отбасы ислам дінін қабылдағысы келетінін айтқан, деп хабарлайды Indian Express.

Пажангкаалимеду ауылының 180 үнді отбасы мұсылман болуға әзір екендіктерін, кәлима шахадатын айтып, дін қабылдауды қалайтынын, алайда, өзге үнділер тарапынан кедергілер туындап жатқанын айтады. Мұсылман ұйымының аталған ауылдарда Құран кітаптарын таратуы, осыдан кейін көптеген тұрғындардың бір Аллаға мойынсұнып, мұсылман болуды қалауы үнділік ұйымдасқан қылмыстық топтардың наразылығын тудырған.

Үнді белсенділерінің бірі Сентхила Құмардың айтуынша, ауыл жастары үнді шіркеуінде діни рәсім орындауды жергілікті әкімшілік пен полицияның қамтамасыз етпеуі себепті өз отбасыларына ислам дінін қабылдауды ұсынған екен. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: