Кеше Сирияның Алеппо қаласында үкіметтік әскер «Джейш әл-Фаттах» террористік ұйымына шабуыл жасады.
Соңғы бір тәуліктің ішінде үкіметтік қарулы күш кемінде 800 содырдың көзін жойып, террористердің оншақты әскери техникаларын істен шығарды.
Сирия әскері террористердің ықпалындағы Рамус ауданының оңтүстігіндегі әскери училище кешенін азат ету операциясына дайындық жүргізуде. Қазіргі уақытта әскер цемент зауытында қорғаныс бекітті.
Еске сала кетсек, бұған дейін «Джейш әл-Фаттах» террористері Алеппо қаласын басып алу операциясын бастағандарын мәлімдеген болатын.