Австралияда әйнек мешіт ашылмақ. (ФОТО)

Австралияда әйнек мешіт ашылмақ. (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Австралияның Ньюпорте қаласында көп ұзамай әлемдегі ең таңғажайып мешіттің құрылысы қолға алынбақшы. Оның ерекшелігі неде дейсіз ғой? Ол әйнектен салынады. Іште намаз оқып жатқандар сырттағыларға көрініп тұратын болады. Бұл мешіттің есігі келесі жылы жамағатына айқара ашып қалуы мүмкін.

Аталмыш жоба сәулетшісі Гленн Мёркат неліктен мұндай өзгеше мешіт салуға аңсары ауғанын былай түсіндіріп берді: "Мен Таяу Шығыстың дәстүрлі үлгісін қайталағым келмеді. Оның үстіне, осы заманғы адамдар еркіндікті, ашықтықты қалайтынын ескердім". Айта кетейік, бұл жобаға егде жастағы мұсылмандар екіұдай пікір білдіріп, құптай қойған жоқ, Алайда, жастар қызу қолдау білдірді. Бұл мешіт жергілікті мұсылман жамағатының қаражаты есебінен салынады. Мешіт аумағында, сондай-ақ, кітапхана мен мейрамхана болады.

Стеклянная мечеть появится в Австралии (Фото)

Стеклянная мечеть появится в Австралии (Фото)

Стеклянная мечеть появится в Австралии (Фото)

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: