Рио-де-Жанейро қаласындағы Олимпиада ойындарына қатысушы мұсылман спортшыларына халал ас мәзірі дайын.
Бұл қамқорлықты Бразилия ислам орталығы ұйымдастырып отыр. Айта кету керек, Олимпиада ауылында 18 мың жеңіл атлет пен спорт делегациясы мүшелері 65 мың өлшемді аспен қамтамасыз етіледі. Сегіз мың спортшы арнайы аспазшылар командасы әзірлеген халал аспен тамақтану мүмкіндігіне ие болды.