3 жасар балақай Құран сайысының жүлдегері атанды.

3 жасар балақай Құран сайысының жүлдегері атанды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нигериялық 3 жасар Мұхаммед Шамсуддин Алию тарих бетіне Құранды жатқа білетін ең жас хафиз болып енді. Балақай қасиетті Құран Кәрімді толықтай жаттап шыққан.

Әкесі, доктор Алию Шамсуддин Зарии қаласындағы профессор Анго Абдуллахи халықаралық мектебінің директоры қызметін атқарады. Осы мектепте бала Мұхаммед бір жарым жылдан бері білім алып келеді. Бұл мектепке бір жасқа толған қабілетті балалар қабылданады.

«Құранды бұлайша ерте жастан меңгерудің сыры бала миының құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Сәби санасы көп ақпарат қабылдауға бейім болады. Балалар ана сүтінен ажыраған сәттен оның миы өзінің мүмкіндіктерін іске қосатынына сенімдіміз. Сол себепті біз мектепке, әсіресе Құран үйрену курсына балаларды өте ерте кезден қабылдаймыз. Мұхаммед Құран мәтіндерін жатқа білетін үш жастағы жалғыз бала емес, алайда оның ерекшелігі өзінің қабілетін халықаралық конкурста көрсете білуінде болып отыр» дейді хафиз сәбидің әкесі.

Айта кетейік, Құран аяттарын меңгерумен қатар Мұхаммед бала бақшаға барады, ағылшын және араб тілдерін жетік меңгерген. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: