Жуалы ауданы, Қарабастау ауылындағы «Билікөл» мешітінің молдасы Жәнібек Аптауов құдайы ас барысында жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) «Ас беру мәдениеті» құжатының мазмұнын түсіндірді.
Түсіндіру жұмыстары барысында ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, дастарқан жаюда қарапайымдылықты сақтау, асты бәсекеге немесе жарысқа айналдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ас берудің негізгі мақсаты – марқұмды еске алып, дұға бағыштау, сауапты амал жасау және игі дәстүрлерді шариғат талаптарына сай орындау екені айтылды.
Жәнібек Аптауов жамағатты ас беру рәсімдерінде үнемшілдік пен қарапайымдылықты ұстануға, ысыраптан сақтануға және ұлттық дәстүрлерді діни құндылықтармен үйлестіре отырып орындауға шақырды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

