Сирия аспақ болған 40 қазақстандық азамат райынан қайтты

Сирия аспақ болған 40 қазақстандық азамат райынан қайтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп жазады NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Аталмыш агенттіктің жолдаған сауалына комитет тарапы құзыретті мемлекеттік органдар қызметкерлері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, теологтар мен саясаткерлер мұсылман қауымына дәстүрлі діни нормалар туралы, сондай-ақ діни теріс ағымдар туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырғанын мәлім етті.

«Биыл осы түсіндіру және алдын алу жұмыстары барысында террористік ұйымдардың қарулы соғыстарына қатысуды жоспарлаған республикамыздың қырықтан аса азаматы райынан қайтты» деген комитет өкілдері қазіргі уақытта антитеррорлық түсінікті халыққа жеткізу жұмыстары жалғасын тауып жатқанын айтты. «Сириядағы экстремистердің Қазақстанға келу фактілері тіркелмеді» делінген ресми мәлімдемеде. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: