Рамазан: 16 елде 393 теракті

Рамазан: 16 елде 393 теракті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше, қазіргі уақытта әлем бойынша 30 мыңнан аса террорист бар, деп жазады Іnformburo.kz.

«Қазір әлемде 30 мыңнан аса содыр бар. Терроризм – ғаламдық қауіп, ол жалпы адамзат қоғамының бірігіп күресуін қажет етеді» деп мәлімдеді БҰҰ антитеррорлық комитеті өкілі ЖАн-Поль Лаборд.

Әлемге ең үлкен қауіп-қатер ДАИШ содырларынан төніп отыр. БҰҰ өкілі биылғы жылы Рамазан уақытында орын алған террористік актілер статистикасын жарияланғанын жеткізді. Қасиетті айда ДАИШ лаңкестері әлемнің 16 елінде 393 теракті ұйымдастырған.

БҰҰ өкілінің айтуынша, ДАИШ ұйымының Сириядағы ықпалы әлсірегенімен, экстремистердің әлем бойынша белсенді терактілер жасауы азаяр емес. Рамазан айындағы соңғы теракті Ораза айт мерекесі қарсаңында Мәдина қаласындағы Пайғамбар (с.а.с.) мешіті маңында орын алды. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: