Қажыларға 18 мың электромобиль қызмет етеді

Қажыларға 18 мың электромобиль қызмет етеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлем мұсылмандарының қасиетті Рамазан айында Меккеге келуші қажыларды 18 мың электромобильдер күтеді, деп жазады Arab News.

Аталмыш көліктер қажыларға әл-Харам мешіті ауласында оңай әрі қауіпсіз жүрулеріне көмектеседі.

Бұл жоба Үлкен мешіт территориясын кеңейту және қажылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді арттыру бағдарламасы аясында қолға алынған.

Алдын ала хабар бойынша, әл-Харам мешітінің бірінші қабатында 550 электромобильдер болады. Қалғаны жоғарғы қабаттарда қызмет көрсетпек.

Электр көліктерін қажыларға бөлу жұмыстарына арнайы мамандандырылған 80 қызметкер жұмылдырылады. Айта кету керек, электромобильдердің бір бөлігі қажыларға тегін таратылады. 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: