Алла Тағаланың бар екенiн және бiр екенiн бiлiп, Оған иман келтіру ең үлкен парыз. Одан кейiнгi парыздардың ең маңыздысы — намаз. Иманның сыртқы, қоғамдағы көрiнiсiнiң белгiсi намаз. Намаз— жүректiң нұры, көңiлдiң қуанышы, рухтың күшi және мүминнiң миғражы.
Намазды араб тілінде «әс-салату» деп айтады. Бұл сөздің араб тіліндегі тілдік мағынасы «дұға ету» немесе «жақсы дұға жасау» деген сөз. Алла Тағала Құран Кәрімде:
«Оларға дұға ет. Өйткенi сенiң дұғаң оларға рақымшылдық»,-деген. Ал, шариғаттағы мағынасы тәкбiрмен басталып, сәлеммен аяқталатын, арнайы әрекеттер мен сөздерден тұратын құлшылық.
Қияметте де ең бірінші сұралатын да - намаз.
hibatulla.kz