ТМҰ ПӘТУА КЕҢЕСІНІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ТМҰ ПӘТУА КЕҢЕСІНІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің онлайн форматта кезекті мәжілісі өтті.

Кеңес отырысына ҚМДБ тарапынан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Уағыз-насихат бөлімі Батыржан Берденұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары Медет Құрмашұлы мен Елбек Хожамуратов қатысты.

Басқосуға жиналған ғалымдар мен пәтуаға жауапты мамандар алда келе жатқан Құрбан айт мерекесін, сондай-ақ биыл Әзербайжанда өтетін түркі мемлекеттері мүфтилерінің алқалы мәжілісінде қаралатын тақырыптарды талқылады.

Отырыс соңында әр тарап алдағы уақытта күн тәртібіне қойылатын тақырыптар ұсынды.





 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: