ҚҰРБАНӘЛІ АХМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ

ҚҰРБАНӘЛІ АХМЕТКЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы уақытта қоғамда талқыланып жүрген Құрбанәлі Ахметке қатысты мәліметтерге байланысты төмендегіні хабарлайды.

Құрбанәлі Ахмет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымында қызмет етпейді, Діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқ.

Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтындығын хабарлаймыз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады. Қоғам арасында түрлі түсінбеушілік пен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу – баршамызға ортақ жауапкершілік.

ҚМДБ еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау, қоғам бірлігін нығайту және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: