БАС МҮФТИ «24KZ» ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

БАС МҮФТИ «24KZ» ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Рамазан айына орай «24KZ» телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында оразаның рухани мәні, қасиетті айдың маңызы мен мұсылман өміріндегі орны туралы кеңінен тоқталды.

«Рамазан айында мұсылман нәпсісін тыя отырып, аз ішіп-жеуге дағдыланады, түнін құлшылықпен жандандырып, тарауық пен тәһәжуд намаздарына көңіл бөледі. Сондай-ақ аузы берік жан артық сөзден сақтанып, сабыр мен ұстамдылыққа үйренеді. Сонымен қатар ауыз бекіту мен оны ашуға қатысты халқымыздың «сәресі» мен «ауызашар» деген төл атауларды қолдануы – қазақы болмысымызға тән құндылық», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сұхбат соңында ҚМДБ Төрағасы барша мұсылман қауымының ұстаған оразалары мен дұға-тілектерінің қабыл болуын тілеп, елімізге амандық пен тыныштық, келесі Рамазанға аман-есен жетуді Алла Тағаладан нәсіп етуін сұрап дұға жасады.



ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: