Меркі: Аудан бас имамы мешіт құрылысын зерделеп қайттыАудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы ауданымызда бой көтеріп жатқан “Әс-Сәләм” мешітін зиярат етіп, құрылыс барысымен танысып қайтты.
Зиярат барысында салынып жатқан мешіттің құрылыс жұмыстарын көріп, жауапты азаматтармен тілдесті. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен барысына назар аударып, игі істің берекелі аяқталуына тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, мешіттің халық игілігіне қызмет ететін рухани орда болуына дұға жасады.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі



17 Наурыз 2026
28 Рамадан 1447

