Талас: «Қаратау қажы би» мешітінде ауызашар дастарханы ұйымдастырылды

Талас: «Қаратау қажы би» мешітінде ауызашар дастарханы ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қасиетті Рамазан айында Талас аудандық «Қаратау қажы би» мешітінде жамағатқа ауызашар дастарханы жайылып, рухани кеш ұйымдастырылды.

Шара барысында жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті, оразаның тәрбиелік мәні және мұсылманның көркем мінезі жайлы насихат айтылды. Сонымен қатар жамағат арасында діни білімді арттыру мақсатында діни сұрақ-жауап ойыны өткізілді.

Қатысушылар Құран, хадис, ислам тарихы және құлшылыққа қатысты сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Іс-шара соңында мешіт жамағаты бірлік пен бауырмалдықтың маңызын атап өтіп, ауызбіршілік пен татулыққа үндейтін дұғалар жасалды. Алла Тағала баршамыздың оразаларымыз бен жасаған игі амалдарымызды қабыл етсін!

"Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: