Талас: Ас беру мәдениеті – шариғат талабы

Талас: Ас беру мәдениеті – шариғат талабы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қасқабұлақ ауылы. "Әбілхан қажы" мешітінің имамы Асанов Хеурза ауылымызда өткен құдайы аста тағылымды уағыз айтып, жиналған көпшілікке насихат сөз сөйледі. Имам өз баяндамасында шариғатымыздағы ас беру тәртібіне тоқталып, ысырапшылдыққа жол бермеудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ рәсуа жасамау, дастарқан басында көркем мінез танытып, жақсы сөз сөйлеу, бос әңгімеден аулақ болу керектігін түсіндірді. Жиналған қауым имамның насихатын ықыласпен тыңдап, рухани тұрғыда пайдалы мағлұмат алды. Мұндай уағыз-насихаттар қоғамда ізгілік пен бірлікті нығайтуға септігін тигізері сөзсіз.

"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: