Сәду Шакиров ауылындағы "Байтоқты баба" мешітінде ауызашар дастарханы барысында жамағатқа тағылымды насихат айтылды.
Мешіт имамы Оспанов Бақдәулет мешіт асханасында жиналған жамағатқа тамақ ішу әдебі, ауызашар кезінде шамадан тыс тойып тамақ жеудің зияны және дастархан жайғанда ысырапқа жол бермеу мәселелері туралы уағыз айтты.
Имам өз сөзінде қасиетті Рамазан айында қарапайымдылық пен қанағатшылдықтың маңызы зор екенін атап өтіп, дастархан басында әдеп сақтап, артық ысыраптан аулақ болуға шақырды.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.


29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

