Мұсылмандар мәселесі үміткерлердің мазасын алуда

Мұсылмандар мәселесі үміткерлердің мазасын алуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ президенттігіне үміткерлер мұсылмандар мәселесі үшін дауласып жатыр. Бұрынырақ президенттікке үміткер Хиллари Клинтон Дональд Трамптың мұсылмандарға АҚШ-қа келуге тыйым салу туралы ұсынысы терроризмге ықпал ететінін айтқан болатын.

Трамп қарсыласына жауап беріп: «Хилларидің мұсылмандардың уақытша кіруіне тыйым салуды терроризмге ықпал ететін факті деп санауы Берни Сандерстің оны президент лауазымына лайықсыз дегенін дәлелдейді»-деп мәлімдеді. Осылайша Трамп Клинтонға қарсы Берни Сандерсті арандатты. Осы мәлімдемеден кейін Сандерс Клинтон туралы айтқанын жоққа шығарып: «Әрине, ол президент лауазымы үшін білікті маман. Жоқ деген күннің өзінде ол кез-келген республикашыл-үміткерден жақсы  президент болады»-деді.

Ihsan.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: