Англиялық «Арсенал» тобы мен Албания ұлттық құрамасының атақты неміс футболшысы Месут Озиль Иорданияда сириялық босқындардың балаларымен футбол ойнады. Қатысушылардың арасында ұлдармен қатар футбол сүйер хиджаптағы қыздар да болды. Лагерде 80 мыңнан астам мигранттар тұрады.
Ойыннан соң кішкентай сириялық балалар атақты футболшымен ойнаған ойынынан алған әсерлерімен бөлісті.
"Мен одан бірнеше әрекеттерді үйрендім және алғаш рет жұлдызбен футбол ойнадым. Мен де футбол жұлдызы болғым келеді" - деп сириялық балақай Абдул РауфХалед өз арманымен бөлісті.
hibatulla.kz