Талас: Қасиетті айда қырқы, жетісі, жылдық астар кешкілік ауызашар ретінде берілуі абзал

Талас: Қасиетті айда қырқы, жетісі, жылдық астар кешкілік ауызашар ретінде берілуі абзал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қасқабұлақ ауылы имамы Асанов Хеурза көпшілік жиналған ауызашар барысында жамағатқа қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті туралы насихат айтып өтті. Рамазан айында берілетін жетісі, қырқы, жылдық асы сынды дастархандарды күндіз емес, кешкі ауызашар уақытында ұйымдастырудың маңызын атап өтті.

Имамның айтуынша, мұндай дастарханды ауызашар ретінде беру – бір жағынан ораза ұстаған жандардың ауызын аштыру болса, екінші жағынан сауапты істі көбейтуге үлкен мүмкіндік. Бұл амал қасиетті айдың берекесін арттырып, жамағаттың бірлігін нығайтуға да септігін тигізеді. Жиналған көпшілік имамның ұсынысын қолдап, мұндай игі дәстүрдің Рамазан айында жалғасын табуы абзал екенін айтты.

"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: