Жуалы ауданы, Теріс ауылында Рамазан айының берекелі күндерінің бірінде ауыл тұрғыны немересінің тұсауын кесу рәсімін жасау үшін арнайы өтініш білдіріп, қазақтың игі дәстүрі бойынша тұсауын кесу құрметі «Мырзахмет ата» мешітінің ауыл имамы Бауыржан Мұсағалиұлына бұйырды.
Сәбидің тұсауы кесіліп, ақ жол тілеп, ақ батамызды бердік. Алла Тағала бүлдіршіннің қадамын құтты етіп, өмір жолын ашық қылсын. Қадамы нық, жолы ақ, еліне қызмет ететін иманды, тәрбиелі азамат болуын нәсіп етсін.
Рамазан айының берекесінде жасалған бұл игі дәстүр – ұрпақ тәрбиесіне мән берген ата-бабамыздың асыл жолының жалғасы. Алла Тағала отбасысына амандық, береке берсін!- деп ақ батасын берді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

